Мысыр Сыртқы істер министрі келеді

Шүкридің Түркия сапарында екі жақты қатынастар мен аймақтық оқиғалар қолға алынады.

1973845
Мысыр Сыртқы істер министрі келеді

Мысыр Сыртқы істер министрі Самих Шүкри Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның шақыруымен ертең Түркияға ресми сапармен келеді.

Шүкридің Түркия сапарында екі жақты қатынастар мен аймақтық оқиғалар қолға алынады.

Министр Шүкри Кахраманмарашта болған жер сілкінісінен кейін 27 ақпан күні көңіл айтып Түркияға келіп, Чавушоғлумен кездескен болатын.

Мысыр айырықша Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін гуманитарлық көмек жіберген еді.

ТР сыртқы істер министрі де 18 наурыз күні ресми сапармен мысырға барған болатын.

Министр Чавушоғлу 11 жылдан кейін Түркиядан Мысырға барған алғашқы Сыртқы істер министрі болып еді.



Ұқсас жаңалықтар