Бүгін ұшырылмайтын болды

«IMECE» спутнигінің ұшыру операциясы кейінге шегерілді.

1972841
Бүгін ұшырылмайтын болды

Түркияның алғашқы отандық және ұлттық бақылау «IMECE» спутнигінің ұшыру операциясы кейінге шегерілді.

TÜBİTAK (Түркия Ғылыми және Техникалық Зерттеу Кеңесі) «Twitter» аккаунтында жасалған мәлімдемеде «IMECE» жер серігін орбитаға апаратын «Falcon 9» зымыранының жұмысына жауапты «SpaceX» компаниясының бүгін іске қосу мүмкін еместігін ресми түрде жариялағаны хабарланды.

Мәлімдемеде қазірге дейін бір күнге кейінге шегерілген ұшырылымның нақты күні мен уақыты кейінірек жарияланатыны атап өтілді.

Екінші жағынан «SpaceX-тің» «Twitter» аккаунтындағы жазбада командалардың ауа-райын бақылағаны айтылды.

«IMECE» спутнигі 21 ақпанда АҚШ-тағы Ванденберг ғарыш күштерінің базасына жіберілген еді.



Ұқсас жаңалықтар