Түркия Израильді айыптады

Сыртқы істер министрлігі Израиль күштерінің әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылдары мен арандатушылықтарына байланысты мәлімдеме жасады.

1970158
Түркия Израильді айыптады

Түркия басып алынған Шығыс Иерусалимдегі әл-Ақса мешітіне шабуыл жасап, көптеген палестиналық бейбіт тұрғынды қамауға алған Израиль полициясының әрекетін айыптады.

Сыртқы істер министрлігі Израиль күштерінің әл-Ақса мешітіне қарсы шабуылдары мен арандатушылықтарына байланысты мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде «Израиль қауіпсіздік күштерінің Харам-и Шарифтің қасиеттілігі мен тарихи мәртебесін бұзып, әл-Ақса мешітін басып алуын, Қыбла мешітін паналағандарға килігуін және көптеген палестиналық бейбіт тұрғындарды тұтқындауын  айыптаймыз» деп көрсетілді.

Мәлімдемеде қасиетті Ораза айында әл-Ақса мешітінде ғибадат еткендерге қарсы жасалған бұл шабуылдардың мүлде қабылданбайтыны білдірілді.

Мәлімдемеде: "Біз Газаны қамтыған аймақтарда асқынған жағдайға қатты алаңдаймыз. Израиль үкіметі аймақтағы шиеленістің одан әрі артуына себепші болатын кез келген арандатуларды, әрекеттерді және шабуылдарды дереу тоқтатуы керек" деп жазылды.



Ұқсас жаңалықтар