Алтун Даниядағы опасыз шабуылды айыптады

Фахреттин Алтун Данияда Құран кітап пен түрік туына жасалған шабуылды қатаң түрде айыптады.

1968449
Алтун Даниядағы опасыз шабуылды айыптады

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы Данияда Құран кітап пен түрік туына жасалған шабуылды қатаң түрде айыптады.

Алтун әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасалған мәлімдемеде «Дініміз бен туымызға жасалған опасыз шабуылдың қайталануын қатаң түрде айыптаймын. Дания билігі бұл исламофобиялық, ксенофобиялық және нәсілшіл әрекеттерді сөз бостандығы аясында қарастыра алмайды. Бұл мүлдем қабылданбайды және қауіпті бір жағдай болып есептеледі» деді.

Еуропада мұндай оқиғалардың үйреншікке айналғанын тілге тиек еткен Алтун «Бұлар ресми түрде бізді жаман көрсету үшін мұсылмандар мен түрік халқының қатты наразылығын туғызу мақсатты жасалған арандатушы әрекеттер. Біз бұл ойынды ойнамаймыз, бірақ назардан тыс қалдырмаймыз» деді.

Еуропада көп саясаткер мен қоғам қайраткерінің бұл жек көрушілік әрекеттерін қабылдамағанын немесе елемегенін атап көрсеткен Алтун «Ақылмен қозғалатын адамдар бұл мәселенің өсіп келе жатқанын және байыппен қарау керектігін түсінуі керек» деп ескертті.

Жек көрушілікпен күресу үшін барын салатындарын атап көрсеткен Алтун «Біз еуропалық лауазымдыларды бұған қарсы шындап күресу үшін ауқымды бір жоспар әзірлеуге  шақырамыз. Мұсылман қауымдар өздерін қауіпсіз сезінуі үшін ынтымақтастық жасау бізді қуантататын болады. Бұл қорқақ адамдардың лаңкестік әрекеттерін тағы бір рет қатаң түрде айыптаймын. Сонымен бірге мен Дания билігін осы опасыз арандатушыларды жауапқа тартуға шақырамын» деді.



Ұқсас жаңалықтар