Чавушоғлу «Қалдықсыз» жобасы жайлы мәлімдеме жасады

Мевлүт Чавушоғлу «Қалдықсыз» жобасының әлемде Біріккен Ұлттар Ұйымы саясаты ретінде тіпті кеңейетінін  айтты.

1968299
Чавушоғлу «Қалдықсыз» жобасы жайлы мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Эмине Ердоғанмен бірге  30 наурыз «Халықаралық Қалдықсыз күніне» орай ұйымдастырылған арнайы сессияға қатысу үшін Нью-Йоркке барған болатын.

Мевлүт Чавушоғлу Түркияда сәтті болған «Қалдықсыз» жобасының әлемде де сәтті болатынын және Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) саясаты ретінде тіпті кеңейетінін  айтты.

Министр Чавушоғлу кеше Нью-Йорк қаласында "Түркеви" ғимаратында түрік журналистерімен кездесті.

БҰҰ-да қабылданған шешіммен «Қалдықсыз»  жобасының әлемге үлгі болғанын және БҰҰ саясатына айналғанын атап көрсеткен Чавушоғлу 30 наурыздың да дәл осындай шешіммен «Халықаралық Қалдықсыз күні» ретінде жарияланғанын еске салды.

Чавушоғлу Түркияның БҰҰ-мен бірге жүзеге асырылған Қаратеңіз астық дәлізі келісімі, тұтқын алмасу және Украина-Ресей соғысы сияқты көптеген салада ынтымақтастықта екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар