Грекиядан 250 тонна көмек

250 тонна көмек материалы Едирнеге келіп жетті.

1962782
Грекиядан 250 тонна көмек

Грекия тарапынан жер сілкінісі аймағына жолданған 250 тонна көмек материалы Едирнеге келіп жетті.

«Ғасыр апаты» деп аталған Кахраманмараш жер сілкіністерінен кейін Түркияға көмегін жалғастырған Грекия Аттика аймағынан 250 тонна гуманитарлық көмек материалын Түркияға жолдады.

Көмек материалдарын тасыған 67 жүк көлігі Ипсала шекара қақпасынан Түркияға келіп кірді.

Азық-түлік, киім-кешек, төсек және жедел жәрдем материалдарынан тұратын гуманитарлық көмек пакеттері Едирне вокзалынан вагондарға тиелді.

Аттика аймағының әкімінің орынбасары Василис Кокалис аймақтың екінші рет көмек жолдағанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар