Пәкістаннан көмек келуде

Пәкістаннан шатырлар талымалдаған оныншы ұшақ Адана әуежайына қонды.

1960905
Пәкістаннан көмек келуде
pakistan deprem yardim.jpg

6 ақпанда орталығы Кахраманмараштағы жер сілкінісінен кейін жүргізілген жұмыстарға қолдау көрсету үшін Пәкістаннан жіберілген гуманитарлық көмек материалдарын тасымалдаған ұшақ Аданаға қонды.

Пәкістан үкіметі «арнайы рейс» аясында 50 мың шатырды тасымалдауға жіберген 1200 шатыры бар тоғызыншы ұшақ елге түнде келгеннен кейін, дәл осындай шатырлары бар оныншы ұшақ Адана әуежайына қонды.

Гуманитарлық көмек материалдарын жеткізу үшін екі ел арасында құрылған әуе көпірі арқылы соңғы ұшақпен бірге 12 мың 200 шатырдың Түркияға жөнелтілуі аяқталды.

Қысқы жағдайға және отқа төзімді шатырлар ұшақтан түсіріліп, зілзаладан зардап шеккен аймақтарға жөнелтілді.

Пәкістанның Карачи портынан жолға шыққан үш кеме де осы айда Мерсинге келеді деп күтілуде.

 



Ұқсас жаңалықтар