Чавушоғлу Иран Сыртқы істер министрімен сөйлесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Анкара мен Дамаск арасындағы келіссөздер туралы ақпарат берді.

1956680
Чавушоғлу Иран Сыртқы істер министрімен сөйлесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу ел астанасы Анкарада  Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Эмир-Абдуллахиянмен кездесті.

Чавушоғлу Сирия үшін төрт жақты кездесуге қатысты «Ресейден техникалық кездесу туралы ұсыныс алдық, сыртқы істер министрінің орынбасарын Мәскеуге жібереміз» деді.

Түркия, Ресей және Сирия тараптарының қатысуы жоспарланған отырысқа Иранның да қатысуын қалағанын атап көрсеткен Чавушоғлу Түркия үшін одан ешбір зиян көрмегендерін білдірді.

Сыртқы істер министрлігі жиналысы жұмысының жалғасып жатқанын түсіндірген  Чавушоғлу «Кездесуді төрт жақты өткізуді жоспарлап отырмыз. Ресейліктерден келесі аптада техникалық кеңес өткізу туралы ұсыныс түсті. Министрдің орынбасарын келесі аптада Мәскеуге жібереміз. Кездесуге Иран да қатысады» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар