Министр Чавушоғлу грек әріптесіне көңіл айтты

Сыртқы істер министрлігі Мевлүт Чавушоғлуның Грекияда болған пойыз апатына байланысты көңіл айтқанын мәлімдеді.

1953249
Министр Чавушоғлу грек әріптесіне көңіл айтты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Грекия Сыртқы істер министрі Никос Дендиаспен телефон арқылы сөйлесті.

Министрлік жасаған жазбаша мәлімдемеде «Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Грекия Сыртқы істер министрі Никос Дендиаспен бүгін телефон арқылы сөйлесті. Кездесуде министр Чавушоғлу Грекияда болған пойыз апатына байланысты көңіл айтты» делінді.

Грекияның Лариса қаласы маңында жолаушылар пойызы мен жүк пойызы соқтығысты. Апат салдарынан 36 адам қаза тауып, 66 адам жараланды.



Ұқсас жаңалықтар