Түркияға шетелдік көмек жалғасып жатыр

28 ел 30 далалық аурухана құрды.

1952002
Түркияға шетелдік көмек жалғасып жатыр

6 ақпанда болған жер сілкінісінен кейін шетелдегі өкілдіктердің үйлестіруімен Түркияға жеткізілген көмектер туралы соңғы дерек жарияланды.

Сыртқы істер министрлігінің деректеріне қарағанда, жер сілкінісі аймағына 28 ел 30 далалық аурухана құрды.

Қазірге дейін 130 мың 785 шатыр, 1168 контейнер мен 1676 жылжымалы гигиена контейнері Түркияға жеткізілді.

Материалдық көмек шеңберінде 1 миллион 602 мың 270 жамылғыш, 226 мың 451 ұйқы комбинезоны, 83 мың 844 төсек, 29 мың 266 генератор, 6 мың 312 тонна киім, 3 мың 476 тонна гигиеналық медициналық материал мен 5 мың 981 тонна азық-түлік Түркияға жетті.



Ұқсас жаңалықтар