СІМ Коста-Рикаға алғыс айтты

Министр 15 елден  4236 адамның өз міндеттерін орындап, елдеріне оралғанын білдірді.

1947271
СІМ Коста-Рикаға алғыс айтты

Сыртқы істер министрі Мевлүт жер сілкіністеріне байланысты ынтымақтастық көрсеткен Коста-Рикаға алғыс айтты.

Мевлүт Чавушоғлу Түркияға ресми сапармен келген Коста-Рика Сыртқы істер министрі Арнольдо Андре Тинокомен Анкарада кездесті. Министр Чавушоғлу Сыртқы істер министрлігінде Тинокомен кездесуінен кейін ұйымдастырылған ортақ баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

"Менің әріптесім Арнольдо бүгін ынтымақтастық сапарымен келеді. Мен оған жеке және  Коста-Рика мемлекетіне, әрі халқына осы процесте ынтымақтастық пен қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді"  деді ол.

Көмек ұсынған басқа 101 елге алғысын білдірген Сыртқы істер министрі зілзаладан зардап шеккен аймақтарда белсенді түрде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқан елдер санының 74, қызметкер санының 7 мың 98 екенін айтты.  Министр 15 елден  4236 адамның өз міндеттерін орындап, елдеріне оралғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар