Шетелден көмек үзілмеді

Тайвань, Қытай мен Корея гуманитарлық көмек жолдап отыр.

1946015
Шетелден көмек үзілмеді

«Ғасыр апаты» деп сипатталған Кахраманмараш жер сілкіністерінен кейін Тайвань халқы көмек материалдарын жіберуде.

Тайбэй Түрік Сауда кеңсесінің мәлімдемесіне қарағанда 10 мың көрпе, 600 шатыр, 5 далалық аурухана шатыры және жер сілкінісі құрбандарына керек-жарақ тиеген Түрік Әуе жолдарының (THY) ұшағы көтерілді. Ұйымның алғашқы көмегінің 150 тоннасы алдыңғы күні Түркияға келген болатын. Жер сілкінісінен кейін Түркияға жеткен 130 адамдық Тайваньдық екі іздеу-құтқару тобы әлі де Адыяманда жұмыс істеп жатыр.

**

Қытай да жер сілкінісінен кейін апаттан зардап шеккендерге көмек ретінде Түркияға медициналық құрал-жабдық жіберетінін жариялады. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ван Винбин ел астанасы Бейжіңде өткен кезекті баспасөз мәслихатында көрпе мен шатыр сияқты шұғыл көмектің алғашқы бөлігінің 11 және 12 ақпанда Түркияға жеткенін айтты.

Ван осы аптада электрокардиография және ультрадыбыстық жабдықтарды, медициналық көліктерді және портативті пациент төсектерін қоса алғанда көмектің екінші бөлігін жіберу жоспарланғанын білдірді.

**

Оңтүстік Корея президенті Юн Сук Ёл Кахраманмараш жер сілкіністеріне байланысты қолда бар барлық ресурстарды жұмылдыруды бұйырды.

Президент Юнның атынан президенттің баспасөз хатшысы Ли До Вун мәлімдеме жасады.



Ұқсас жаңалықтар