22 мың 327 адам қайтыс болды

Фахреттин Кожа жер сілкінісінде 22 мың 327 адам қаза тапқанын, 80 мың 278 адамның да жараланғанын білдірді.

1945106
22 мың 327 адам қайтыс болды

6 ақпан күні болған Кахраманмарашты негіз еткен 7.7 және 7,6 балдық  жер сілкінісінде 22 мың 327 адам қаза тапты.

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа жер сілкінісінде 22 мың 327 адам қаза тапқанын, 80 мың 278 адамның да жараланғанын жариялады.

Бұл туралы Апаттар және төтенше жағдайларды басқару басқармасы (AFAD) мәлімдеді.

Осыған сәйкес, Кахраманмараштағы бірінші жер сілкінісінен кейін 1891 жер дүмпуі болды.

10 аймақты қамтыған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 20 665 болып, 80 888 адам құтқарылды. Зілзаладан зардап шеккен аймақтардан апаттан аман қалған 92 мың 697 адам эвакуацияланды.

Өңірде жұмыс істейтін қызметкерлер саны 166 мың 95-ке жетті. Басқа елдерден келген іздестіру-құтқару қызметкерлері саны 8 мың 294 болды.

102 мың 274 отбасылық шатырды орнату жұмыстары аяқталды.

Жер сілкінісінен қираған ғимараттарда іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар