Жер сілкінісінен 105 сағаттан кейін құтқарылды

Құтқарушылардың даусына жауап берген «Венус» атты ит пен оның иесі құтқарылды.

1944914
Жер сілкінісінен 105 сағаттан кейін құтқарылды

«Ғасырдың апаты» деп аталған жер сілкінісінде Хатайда құлаған бір ғимараттың үйіндісінен 105-ші сағатта 1,5 жасар бала мен 7 жасар ағасы табылды.

Хатайдың Антакия ауданындағы 6 қабатты тұрғын үйдің үйіндісінен жер сілкінісінен 103 сағаттан кейін құтқарушылардың даусына жауап берген «Венус» атты ит пен оның иесі құтқарылды.

Кахраманмарашта 104 сағаттан кейін үйіндіден шығарылған 41 жасар азамат құтқарушылардың қолын сүйді. Бір ғимараттың қалдығының астынан 103 сағаттан кейін 15 жасар қыз бала, 102 сағаттан кейін бір бала мен анасы құтқарылды.



Ұқсас жаңалықтар