"Жалған ақпарат - ұлттық қауіпсіздікке қатер"

Түрік билігі Twitter басшыларымен кездесі өткізді.

1944407
"Жалған ақпарат - ұлттық қауіпсіздікке қатер"

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы басшысы Фахреттин Алтун жалған ақпараттың демократияға, әлеуметтік бейбітшілік пен ұлттық қауіпсіздікке үлкен қауіп екенін айтты.

Алтун әлеуметтік желідегі парақшасында түрік билігінің кеше Twitter-мен нәтижелі кездесу өткізгенін хабарлады. Ол  «Twitter» басшылығына Түркияның жалған ақпаратпен күресудегі күш-жігерін қолдауға және ынтымақтастыққа уәде бергені үшін алғыс айтып, "Дезинформация - адамзаттың ортақ жауы және сонымен бірге демократияға, әлеуметтік бейбітшілік пен ұлттық қауіпсіздікке үлкен қатер. Біз алдағы күн мен апталарда Twitter-мен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейміз деп үміттенеміз" деп жазды.

Кешегі кездесуде «Twitter» компаниясы  жалған ақпаратпен күресу, жалған хабарлар және жалған аккаунттарға қарсы жедел шара қолдану үшін Түркиямен толық ынтымақтасуға келіскен болатын.



Ұқсас жаңалықтар