Түркияда көптеген жерде қан тапсыру орталығы құрылды

Едирнеде Түрік Қызыл жарты ай қоғамының қан тапсыру орталығы тарапынан 3 түрлі нүктеде қабылдануда.

1943237
Түркияда көптеген жерде қан тапсыру орталығы құрылды
kizilay kan bagis.jpg
kizilay kan bagis.jpg
kizilay kan bagis.jpg

Эпицентрі Кахраманмараш болған 7,7 және 7,6 балдық жер сілкіністерінен кейін қан қажеттілігін қанағаттандыру үшін Түркияның түкпір-түкпірінде құрылған қан тапсыру орталықтары артты.

Түрік Қызыл жарты ай қоғамының Анкарадағы Билкент қалалық ауруханасының қан тапсыру түйініне келген азаматтар ұзын-сонар кезекте тұрып қан тапсыруда.

Зілзаладан кейін туындауы мүмкін қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұйымдастырылған қан тапсыру науқанына Стамбулдағы азаматтар да үлкен қызығушылық танытуда.

Едирнеде қан  Түрік Қызыл жарты ай қоғамының қан тапсыру орталығы тарапынан 3 түрлі нүктеде қабылдануда.

Кыркларелиде қан Түрік Қызыл жарты ай қоғамының қан тапсыру орталығы тарапынан 2 түрлі нүктеде қабылдануда. Қан тапсыруға келген азаматтар өте көп болғандықтан кезекке тұруға тура келеді.

Текирдагта қан Түрік Қызыл жарты ай қоғамының қан тапсыру орталығы тарапынан 4 түйінде қабылдануда.

Чанаккаледе де Джумхуриет алаңында құрылған мобильді станцияға келген көптеген адам қан тапсыруға өтініш білдірді.



Ұқсас жаңалықтар