Түркияда жойқын жер сілкінісі

Көптеген қалада сезілді.

1942158
Түркияда жойқын жер сілкінісі

Кахраманмараштың Пазаржык ауданындағы 7,4, Газиантепте 6,4 және 6,5 балдық екі жер сілкінісі болды.
Жер сілкінісі әсер еткен  Малатияда 23 адам қаза тапты. Әкім Хулуси Шахин жер сілкінісі салдарынан 420 адамның жараланғанын, 140 ғимараттың қирағанын білдірді.

Шанлыурфада да  жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 15-ке жетті.

Президент Режеп Тайып Ердоған жер сілкінісінен кейінгі жолдауында «Кахраманмарашта болған және еліміздің көптеген жерінде сезілген жер сілкінісінен зардап шеккен барлық азаматтарымызға ізгі тілектерімді білдіремін» деді. 

Апат және төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) сайтындағы ақпаратқа қарағанда Кахраманмараштағы жер сілкінісі таңғы сағат 4.17-де 7 шақырым тереңдікте және ал Газиантептің Нұрдағы ауданында сағат 04.26-да 9.77 шақырым тереңдікте болды.



Ұқсас жаңалықтар