Шентоп Әзербайжан елшілігіне жасалған шабуылды айыптады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің  төрағасы Мұстафа Шентоп Әзербайжан елшілігіне жасалған шабуылды айыптады.

1938765
Шентоп Әзербайжан елшілігіне жасалған шабуылды айыптады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағалығынан жасалған мәлімдемеде Шентоп Әзербайжан Ұлттық Мәжілісі төрайымы Сахиба Гафароваға телефон телефон шалып, шабуыл туралы ақпарат алды.

Шентоп қайтыс болған елшілік қызметкері үшін Гафароваға көңіл айтып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі.

Мәжіліс төрағасы Шентоп  әлеуметтік желідегі парақшасында Әзербайжанның Тегеран елшілігіне жасалған опасыз шабуылды айыптады.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен де телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында Чавушоғлу Әзербайжанның  елшілігіне жасалған опасыз шабуылды қатаң айыптап, Түркияның әрқашан Әзербайжанмен бірге екенін баса айтты.

Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев те Әзербайжан елшілігіне жасалған шабуылды айыптап, наразылық білдірді.

Өмірәлиев «Біз Иран билігінен осы зорлық-зомбылық шабуылды жан-жақты тексеруді және қылмыскерлерді жауапқа тартуды сұраймыз» деп көрсетті.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Бакуде уақыты бойынша 08:30 шамасында Әзербайжан елшілігіне қарулы шабуыл жасалғаны хабарланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар