Чавушоғлу Колоннамен телефонда сөйлесті

Чавушоғлу мен Колонна телефондағы әңгімеде 23 желтоқсан шабуылынан кейінгі күш қолдану оқиғаларын қолға алғаны білдірілді.

1925674
Чавушоғлу Колоннамен телефонда сөйлесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Францияның Еуропа және Сыртқы істер министрі Кэтрин Колоннамен телефон арқылы сөйлесті.

Министрліктің хабарлауына қарағанда Чавушоғлу мен Колонна телефондағы әңгімеде 23 желтоқсан күні бір француздың жасаған шабуылынан кейінгі күш қолдану оқиғаларын қолға алғаны білдірілді. 

Францияның осы оқиға арқылы террор ұйымдарының шынайы бет-бейнесін көргенін атап көрсеткен Чавушоғлу PKK/PYD/YPG топтарының шабуылды сылтау етіп Түркияға қарсы жүргізген қаралау үгіт-насихатының және француз саясаткерлерінің террорист басшысының суреті мен жалаулары алдында суретке түсуінің қабылданбайтыны, осы тектес арандатушылық әрекеттеріне рұқсат берілмеуі керектігін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар