Болгария президенті бүгін Түркияға келеді

Болгария президенті Румен Радев бүгін ресми сапармен Түркияға келеді.

1916656
Болгария президенті бүгін Түркияға келеді

Болгария президенті Румен Радев бүгін президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркияға жұмыс сапарымен келеді.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда президент Ердоған Стамбулда Болгария президенті Радевпен кездеседі.

Вахдеттин сарайында өтетін кездесулерде Түркия мен Болгария арасындағы екіжақты қарым-қатынастар әртүрлі аспектілерде қарастырылып, ынтымақтастықты дамыту үшін жасалуы мүмкін қадамдар талқыланады.

Кездесулер барысында ағымдағы, аймақтық және жаһандық оқиғалар бойынша пікір алмасады.

Кездесуден кейін әріптесімен ортақ баспасөз мәслихатын өткізетін Ердоған Радевтің құрметіне кешкі қонақасы береді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар