Ердоған әскери операция жайлы мәлімдеме жасады

Ердоған «Біз бөлшектеуші террористік ұйымды қолдайтындардың екіжүзділігіне төзуге міндетті емеспіз» деді.

1912088
Ердоған әскери операция жайлы мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған «Біз бөлшектеуші террористік ұйымды қолдайтындардың екіжүзділігіне төзуге міндетті емеспіз» деді.

Президент Ердоған Министрлер кабинеті жиналысынан кейін мәлімдеме жасады.

Отан мен халықтың қауіпсіздігіне қатысты қадамдар басып жатқанда ешкімнен рұқсат алмағандары сияқты ешкімнің алдында жауап бермейтіндерін айтқан Ердоған

«Тіркелген лаңкестік ұйымды атын өзгерту ойындарымен қолдайтындардың екіжүзділігіне төзуге міндетті емеспіз» деп көрсетті.

Ешкімнің Түркияны бос қоқан-лоққылармен саяси, дипломатиялық, экономикалық және әскери салада өз мүдделеріне қайшы ұстанымдарға мәжбүрлей алмайтынын түсіндірген  Ердоған «Түркияның қауіпсіздік пен бейбітшілік шеңберін кеңейтуге бағытталған әскери операциялары ешкімді алаңдатпауы керек» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар