Акар Сергей Шойгумен сөйлесті

Хулуси Акар Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен телефон арқылы сөйлесті.

1910731
Акар Сергей Шойгумен сөйлесті

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Акар террор ұйымдарын залалсыздандырудың Түркияның басты басымдығы екенін атап көрсетті.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Акардың Шойгумен телефон арқылы сөйлескені, екіжақты және аймақтық қорғаныс және қауіпсіздік мәселелерінің талқыланғаны хабарланды.

Әңгімеде министр Акар «Сирияның солтүстігі тұрғысынан аймақта тұрақсыздықты бұзуға бағытталған күш пен  қарулы шабуылдарға, сондай-ақ елді мекендер мен азаматтарды нысанаға алған әрекеттерге қарсы қажетті тойтарыс  беруді жалғастырымыз» деген сөздер қолданды.

Министр Акар сонымен қатар, террорлық қауіп пен дәліздің тұрақты түрде алдын алу және лаңкестік ұйымдарды залалсыздандыру Түркияның басты тақырыпптары екенін және бұл мәселеде бұрын қол жеткізілген келісімдерді сақтаудың үлкен мәнге ие екенін тағы бір рет баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар