Куба президенті Түркияға келеді

Куба президенті Мигель Марио Диас-Канел Бермудез Түркияға келеді.

1909701
Куба президенті Түркияға келеді

Куба президенті Мигель Марио Диас-Канел Бермудез президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркияға келеді.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда бас қала Анкарада өтетін ресми кездесулерде Түркия-Куба қарым-қатынастары жан-жақты  қарастырылып, ынтымақтастықты жақсарту үшін жасалатын ортақ қадамдар талқыланады.

Түркия мен Куба арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 70 жылдығына сәйкес келетін 2 күндік сапар аясында аймақтық және жаһандық мәселелер, әсіресе Латын Америкасы мен Кариб өңір тақырыбы, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастары бойынша пікір алмасу көзделуде.



Ұқсас жаңалықтар