Ирактың солтүстігінде 11 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады.

1903568
Ирактың солтүстігінде 11 террорист залалсыздандырылды

Ирактың солтүстігіндегі «Пенче-килит» операциясы аймағында араларында бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның лауазымдылары да бар 11 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің Твиттер парақшасынан жасалған мәлімдемеде «Террористердің жалғыз құтылу жолы түрік әділетіне бағыну! «Пенче-килит» операциясы аймағында террористтермен шыққан қақтығыста араларында ұйымның басшылық кадрлары да бар 11 PKK-лық террорист залалсыздандырылды. Террористтермен бірге көптеген қару-жарақ пен оқ-дәрі де тәркіленді. Аймақтағы террористерді тазалауды табандылықпен жалғастырамыз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар