«Ерен Аблука Күз-Қыс-10 операциясы» басталды
Елдегі террористерді толығымен жою мақсатында жүргізіліп жатқан «Ерен Аблука Күз-Қыс операциялары» жалғасуда.
Ванда бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ға қарсы «Ерен Аблука Күз-Қыс-10 операциясы» басталды.
Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде террор ұйымы ПКК-ны елдің күн тәртібінен шығару және аймақты паналаған террористерді залалсыздандыру мақсатымен Ванда «Ерен Аблука Күз-Қыс-10" (Ван-Чатак-Сурик-Андичен) Шейіт маман жандармерия сержанты Мұстафа Бозкурт операциясы басталғаны хабарланды.
Мәлімдемеде операцияға 460 қызметкер қатысқаны білдіріліп:
«Елдегі террористерді толығымен жою мақсатында жүргізіліп жатқан «Ерен Аблука Күз-Қыс операциялары» халқымыздың қолдауымен, адал және табанды түрде сәтті жалғасуда» деп көрсетілді.
Ұқсас жаңалықтар
Газада 35 мың 647 адам қаза тапты
Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 35 мың 647-ге артты.
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауына байланысты мәлімдеме жасады
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауының 160 жылдығына орай еске алу хабарлама жариялады.