Ердоған білім саммитіне бейне үндеу жолдады

Президент Ердоған «2-ші Стамбул Ғылым саммитіне» бейне үндеу жолдады.

1902088
Ердоған білім саммитіне бейне үндеу жолдады

Президент Режеп Тайып Ердоған «Мақсатымыз – елімізді өркендететін, әлемге сөзін тыңдататын, жабдықталған, оқып ізденетін, сұрайтын, қосымша құнды өнім шығаратын табысты, өнегелі және парасатты жастар тәрбиелеу» деді.

Президент Ердоған «2-ші Стамбул Ғылым саммитіне» жолдаған бейне үндеуінде «Қандай мәртебеде болса да, балаларымыздың деңгейіне қарамастан салауатты, табысты және нәтижелі түрде білім алуды жалғастыруын қамтамасыз етуге мән береміз. Осы түсіністікпен біз білім беру инфрақұрылымын жақсартудан бастап, оқытушылар құрамын нығайтуға, жаңа әдіс-тәсілдерді енгізуден бастап, студенттердің біліктілігін арттыруға дейін көптеген бағыт-бағдар бойынша жұмыстарымызды жүргіземіз» деді.

«Мақсатымыз – елімізді өркендететін, әлемге сөзін тыңдататын, жабдықталған, оқып ізденетін, сұрайтын, қосымша құнды өнім шығаратын табысты, өнегелі және парасатты жастар тәрбиелеу» деген Ердоған «Түркия ретінде біз мұны «TEKNOFEST» буыны деп атаймыз. Болашағымызды аманат ететініміз бұл ұрпақтың тек академиялық тұрғыдан ғана емес, рухани тұрғыдан да жан-жақты жабдықталған осы ұрпақты тәрбиелеуге мемлекетіміздің барлық мүмкіндігін жұмылдырып жатырмыз. Елімізде бұларды атқара отырып, біз достарымыз бен бауырларымызды да ешқашан назардан тыс қалдырмай, білім саласындағы тәжірибелерімізді бөлісу тырысамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар