Акар: "Осы уақытқа дейін 429 террорист залалсыздандырылды"

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар террормен күрес операцияларын бағалады.

1901743
Акар: "Осы уақытқа дейін 429 террорист залалсыздандырылды"

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Ирактың солтүстігіндегі «Пенче-килит» операциясы аясында 429 террористің залалсыздандырылғанын атап «Бүкіл операция аймағын бақылауға алу үшін соңғы сатыға жақынбыз. Зап аймағында террор ұйымынан тазартамыз және осылайша барлық шекараларымызды бекітеміз» деді.

Акар Хаккари шекара жасақтарының тексерісі мен бақылауының артынан Ирактың солтүстігіндегі Зап аймағында жүргізілген «Пенче-килит» операциясына қатысқан жасақтардың қолбасшыларымен бейнеконференция арқылы сөйлесті.

Министр «терроризмнің көзін өз орнында құрту» ережесімен артып отырған күш пен шабуылдау тәсілі арқылы террористтермен күрестің жалғасқанын атап, «Түрік әскері тарапынан 540-тан астам баспана, үңгір тазаланды. Террористтер орналастырған 1 мың 808 мина және қолдан жасалған жарылғыш заттар жойылды. Осы уақытқа дейін 429 террорист залалсыздандырылды. «Пенче-килит» операциялық аймағын толық бақылауға алу үшін соңғы сатыға жақынбыз. Зап аймағында террор ұйымынан тазартамыз және осылайша барлық шекараларымызды бекітеміз» деді.

Хулуси Акар «Біздің жалғыз нысанамыз – террористтер. Қай жерде лаңкес болса, нысанамыз да сол жер. Бұдан басқа мақсатымыз жоқ екенін бәрі білуге тиісті. Күрдтер біздің бауырларымыз. Біз барлық көршілеріміздің, әсіресе Ирак пен Сирияның шекаралары мен егемендік құқықтарын құрметтейміз» деді.

Министр Акар операциялар нәтижесінде террор ұйымының құлдырау процесінің басталғаны туралы елеулі белгілер бар екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар