Бодрумда 60 босқын құтқарылды

Муғланың Бодрум ауданы су айдынында Грекия күштері тарапынан түрік аумақтық суларға кері ығыстырылған 60 заңсыз босқын құтқарылды.

1901080
Бодрумда 60 босқын құтқарылды

Жағалау Қауіпсіздік күзеті қолбасшылығы топтары Муғланың Бодрум ауданы су айдынында Грекия күштері тарапынан түрік аумақтық суларына кері ығыстырылған 60 заңсыз босқынды құтқарды.

Жағалау Қауіпсіздік күзеті қолбасшылығына Бодрумда резеңке қайықтарда бір топ заңсыз босқын жүргені ақпараты келді.

Хабарлама бойынша аймаққа жеткен топтар Грекия күштері тарапынан түрік аумақтық суларына кері ығыстырылған 60 заңсыз босқынды құтқарды.

Жағаға шығарылған заңсыз босқындар Уәлаят көші-қон басқармасына тапсырылды.



Ұқсас жаңалықтар