Иззетбеговичті еске алды

Бұл туралы Ердоған әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

1894933
Иззетбеговичті еске алды

Президент Режеп Тайып Ердоған Босния және Герцеговинаның тұңғыш президенті Алия Иззетбеговичті еске алды.

Бұл туралы Ердоған әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Қайтыс болғанына 19 жыл толғанда дос және бауырлас Босния және Герцеговинаның тұңғыш президенті, көшбасшылығымен және халқына сіңірген еңбегімен тарихта есімін қалдырған марқұм Алия Иззетбеговичті құрметпен еске аламын” деді ол.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп та әлеуметтік желідегі парақшасында «Ортақ өркениетіміздің мөрі басылған бауырлас Босния және Герцеговинаның ұмытылмас көшбасшысы Алия Иззетбеговичті құрметпен еске аламын. Дана басшының тәуелсіздік жолындағы парасатты да даңқты сапары ешқашан ұмытылмайды» деп жазды.



Ұқсас жаңалықтар