Ердоған АҚШ-ты сынға тартты

Ердоған кеше түнде кейбір телеарналардың ортақ хабарында күн тәртіпке байланысты мәлімдеме жасады.

1885967
Ердоған АҚШ-ты сынға тартты

Президент Режеп Тайып Ердоған кеше түнде кейбір телеарналардың ортақ хабарында күн тәртіпке байланысты мәлімдеме жасады.

Американың әскери кемелерінің Эгей теңізіндегі аралдарға жіберілуін сынаған Ердоған АҚШ-тың НАТО құрамындағы елдер арасында әділ әрекет етпегеніне назар аударды.

Президент Ердоған «Грекия да, Türkiye де НАТО-да орын алуда. Біз НАТО бойынша алғашқы бестікке кіреміз. Біз берген күшпен де, құрлық әскерлерімен де маңызды орындамыз. Түркия мен Грекияны НАТО-да салыстыруға болмайды. АҚШ-тың аралдарға мұндай тиелген қару-жарақ, көлік және техника жіберуі мүмкін емес» деген сөздер қолданды.

Президент «Америка Құрама Штаттарынан күтетініміз Грекияны қате жолға бастамау және халықаралық қоғамдық пікірді манипуляциялауға жол бермеу еді. Біз Сыртқы істер министрлігі арқылы АҚШ пен Грекияға қажетті ескертулер жасадық. Біз соңғы хатымызды Біріккен Ұлттар Ұйымына  17 қыркүйекте жібердік» деп көрсетті.

АҚШ-тың Оңтүстік Кипрге қару эмбаргосын алып тастауының мазмұны мен уақыты жағынан ешбір түсіндірмесі жоқ екенін атап көрсеткен Ердоған «Бұл соңғы қадамның жауапсыз қалмайтынын және кипрлік түріктердің қауіпсіздігі үшін барлық сақтық шараларының орындалатынын әркім білуі керек» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар