Президент Ердоған АҚШ-тағы кездесулерін аяқтап Түркияға аттанды

Президент Түркияға аттанбас бұрын соңғы кездесулерін Нью-Йорктегі «Түркеви» ғимаратында жалғастырды.

1883069
Президент Ердоған АҚШ-тағы кездесулерін аяқтап Түркияға аттанды

Президент Режеп Тайып Ердоған Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Эрсин Татар, Австрия президенті Александер Ван дер Беллен және Польша президенті Анджей Дудамен бас қосты.

Ердоған кездесулерін БҰҰ 77-ші Бас Ассамблеясы өткен Нью-Йорктегі «Түркеви» ғимаратында жалғастырды.

Президент Ердоған Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Эрсин Татар, Австрия президенті Ван дер Беллен және Польша президенті Анджей Дудамен бас қосты.

Кейін Ердоған америкалық сенатор Джеймс Риш, Ливан премьер-министрі Неджип Микати және Ұлыбритания премьер-министрі Лиз Трассті қабылдады.

Кездесулер баспасөзге жабық өтті.

Кейін Саяси, экономикалық және әлеуметтік зерттеулер қоры ұйымдастырған дөңгелек үстел отырысына қатысқан президент Ердоған Сыртқы экономикалық байланыстар комитетінің Түркия-АҚШ Іскерлік кеңесі ұйымдастырған түскі қонақасыда үн қатты. Ердоған Түркия мен АҚШ-тың тамыры терең байланыстары бар екі дос ел, одақтас және стратегиялық серіктес екенін атап көрсетті.

Екі елдің көп тұсты ынтымақтастығының әлемнің көптеген аймағында бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнауына үлкен үлес қосқанын білдірген Ердоған Украинадан Балқанға, Таяу Шығыстан Африкаға дейінгі ауқымды бір жағрапияда  энергетикадан азық-түлік қауіпсіздігіне дейін көптеген мәселеде ұқсас көзқарастарға ие екенін мәлімдеді.

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президенті Джо Байден Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) 77-ші Бас Ассамблеясына қатысқан көшбасшылар мен жұбайларының құрметіне берген түскі асқа қатысқан Ердоған кейін Түркияға аттанды.



Ұқсас жаңалықтар