Ердоған Нью-Йоркте журналистерге жауап берді

Ердоған сұраққа "Неге? Ол Байден болса, мен де Ердоғанмын" деп жауап берді.

1882739
Ердоған Нью-Йоркте журналистерге жауап берді

Біріккен Ұлттар Ұйымының 77-ші Жалпы Кеңесі үшін Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Нью-Йорк қаласына барған президент Режеп Тайып Ердоған журналистердің "АҚШ президенті Джо Байденмен екіжақты кездесуді қалайсыз ба?" деген сұрағына:

"Неге? Ол Байден болса, мен де Ердоғанмын" деп жауап берді.

Нью-Йоркте кездесулерін жалғастырған президент Ердоған АҚШ-тан F-16 ұшағы сатып алу жөнінде де келіссөздер жүргізуде.

Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутеррешпен кездесуі алдында журналистің F-16 ұшағы туралы сұрағына жауап берді.

Президент Ердоған АҚШ сенаторларынан F-16 ұшағымен байланысты оң пікірлер алғанын білдірді.

АҚШ президенті Байден беретін қонақасыға қатысатынын білдірген президент Ердоғаннан «Сіз АҚШ президенті Байденмен оңаша екіжақтылы кездесу өткізуді қалайсыз ба?» деген сұрақ қойылды.

Ердоған сұраққа "Неге? Ол Байден болса, мен де Ердоғанмын" деп жауап берді.

Ердоғанның жауабы әлеуметтік желіде ұнатылды және бөлісілді.



Ұқсас жаңалықтар