Шентоптың Молдова сапары жалғасуда

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Түркияның бейбітшілік үшін күш салып жатқанын айтты.

1880866
Шентоптың Молдова сапары жалғасуда

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп 24 ақпанда басталған Ресей-Украина соғысының ұзаруының жағдайды одан сайын нашарлататынын баса айтып, Түркияның бейбітшілік үшін күш салып жатқанын айтты.

Шентоп Түркияның жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індеті және Украинадағы соғыс кезіндегі босқындар ағыны кезінде Молдовамен ынтымақтастығына мән бергенін білдірді.

Шентоп «Украинадағы оқиғалар өзімен бірге жаңа проблемалар мен қиындықтарды да алып келеді. Дүние жүзінде ең көп босқынды қабылдайтын ел болғандықтан Түркия Молдоваға жасалған қысымды жақсы түсінеді» айтты.

Шентоп Түркиядан келетін гуманитарлық көмектің алдағы уақытта да мүмкіндігінше жалғасатынын айтты.

Шентоп Түркия Ресей-Украина соғысын халықаралық құқықтың ашық бұзылғанын атап өтті.

 



Ұқсас жаңалықтар