"Бізге өнегелі жастар керек"

Президент жаңа оқу жылының ашылу салтанатына қатысты.

1878813
"Бізге өнегелі жастар керек"

Президент Режеп Тайып Ердоған «Бізге қаңғыбас жастар емес, өнегелі жастар керек» деді.

Президент Ердоған Стамбулда 2022-2023 жаңа оқу жылының ашылу бағдарламасында сөз сөйледі.

Білім берудегі басымдықтарынан ешқашан кері шегінбейтіндерін және жыл сайын бюджеттің ең үлкен бөлігін білімге бөлетіндерін айтқан Ердоған: "Біз санасы бос, бос жүрген жастарды емес, өнегелі жастарды қалаймыз. Біз өз болашағымызды халқына, тарихына өшпенділікпен қарайтын емес, өз тарихын мақтан тұтатын жастарға сеніп тапсырғымыз келеді. Біз мұны халықтың аман қалу мәселесі деп санаймыз. Ежелден салынған көпіріміздің тірегі болатын осы ұрпақты ең жақсы етіп тәрбиелеу –басты мақсатымыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар