82 террорист залалсыздандырылды

«Ерен» операциялары аясында осы жыл басынан бері 82 террорист залалсыздандырылды.

1876589
82 террорист залалсыздандырылды

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға бағытталған «Ерен» операциялары аясында осы жыл басынан бері 82 террорист залалсыздандырылды.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімлеме жасады.

Мәлімдемеде «Ерен» операцияларының PKK террор ұйымын елдің күн тәртібінен шығару және аймақты паналаған террористтерді залалсыздандыру мақсатында басталғаны айтылды.

Операцияларда биыл 82 террорист залалсыздандырылды.

720 үңгір, көптеген баспаналар және қоймалар жойылды.

144 мина мен қолдан жасалған жарылғыш заттар, 275 ұзын ұңғылы мылтық, 548 қол гранатасы, 62 мың 141 оқ-дәрі тәркіленді.



Ұқсас жаңалықтар