Ердоған Малазгирт жеңісінің 951 жылдығында үн қатты

Президент Ердоған Мушта ұйымдастырылған Малазгирт жеңісінің 951 жылдығына арналған бағдарламаға қатысты.

1872811
Ердоған Малазгирт жеңісінің 951 жылдығында үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған «Ешқандай шабуылға, ойынға, тұзаққа төзбейміз. Туымызбен нышан қылған азаттығымызды нысанаға алған ешкімді кешірмейміз» деді.

Президент Ердоған Муш қаласындағы Малазгирт ұлттық саябағында ұйымдастырылған Малазгирт жеңісінің 951 жылдығына арналған бағдарламаға қатысты.

Ердоған мұндағы сөзінде «Малазгиртті ешқашан ұмытпаймыз, ұмытуға жол бермейміз, жүрегімізде, санамызда мәңгі сақтаймыз» деді.

«Отанымызды бөлшектеуге, мемлекетімізді жоюға тырысқан ешкімді аямаймыз» деген Ердоған «Ешқандай шабуылға, ешқандай ойынға, тұзаққа шыдамаймыз. Туымызбен нышан қылған азаттығымызды нысанаға алған ешкімді кешірмейміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар