"Терроризммен күресіміз жалғасады"

Президент Ердоған Малазгирт жеңісінің 951 жылдығына орай ұйымдастырылған шараларға қатысты.

1872398
"Терроризммен күресіміз жалғасады"

Президент Режеп Тайып Ердоған «Оңүстік шекараларымыздың қауіпсіздігін 30 шақырым ішке қарай бір дәлізбен  біздің (терроризмге қарсы) күресіміз аяқталмайтынын тағы бір рет әлемге жариялаймын» деді.

Президент Ердоған Битлистің Ахлат ауданында Малазгирт жеңісінің 951 жылдығына орай ұйымдастырылған шараларға қатысты.

Ердоған осындағы сөзінде түріктерге Анадолы қақпасын ашқан Малазгирт жеңісінің 951 жылдығында Ұлы Селчук мемлекетінің билеушісі Алпарсланды құрметпен еске алды.

Ердоған «Жастарымыздың Ахлат пен Малазгиртке қамқорлық жасағанын көрген сайын, ұлы және қуатты Түркияның болашағына деген сеніміміз артып, 2053 жылға деген үмітіміз көбейе түседі» деді.

Президент Ердоған «Ахлат пен Малазгирт - біздің өркениетімізді қайта көтеруге деген ерік-жігеріміздің аты, бұл достарымызға сенім сыйлайтын, жауларымызға қорқыныш үйіретін шарықтауымыздың мөрі» деді.



Ұқсас жаңалықтар