Түркия мен Украина арасында келісімге қол қойылды

Түркия келісім бойынша соғыста қираған инфрақұрылымды қайта қалпына келтіреді.

1869999
Түркия мен Украина арасында келісімге қол қойылды

Кеше бір күндік жұмыс сапарымен Украинаға барған Президент Режеп Тайып Ердоған мен Украина президенті Владимир Зеленскийдің қатысуымен осы елдің соғыста қираған инфрақұрылымын қайта қалпына келтіру туралы келісімге қол қойылды.

Президент Ердоған мен Зеленский Потцкий сарайында кеше оңаша бас қосты.

Осы аяда Украинаның соғыста қираған инфрақұрылымын қайта қалпына келтіру мақсатты Түркия-Украина арасындағы келісімге Украина Инфрақұрылым министрі Александр Кубраков пен ТР Сауда министрі Мехмет Муш қол қойды.

Келісім бойынша екі ел арасында алдымен Украинаны қалпына келтіру жөніндегі қызмет тобы құрылады.

Қызмет тобы Украинадағы жолдар, көпірлер, су және электр инфрақұрылымы, ауруханалар мен мектептер сияқты әлеуметтік және экономикалық маңызы зор нысандарды қайта салу үшін жұмыстарды бірге үйлестіреді.

Ресей армиясы 24 ақпан күні Украинаға шабуылдарын бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар