Президент Ердоған Малайзия королімен Анкарада бас қосты

Президент Ердоған Малайзия королі Сұлтан әл-Мұстафа Биллах Шахты мемлекеттік рәсіммен қарсы алды.

1868859
Президент Ердоған Малайзия королімен Анкарада бас қосты

Президент Режеп Тайып Ердоған бас қала Анкараға келген Малайзия королі Сұлтан Абдуллах ІІ Риаятуддин әл-Мұстафа Биллах Шахпен бас қосты.

Президент Ердоған Түркияға ресми сапармен келген Малайзия королі Әл-Мұстафа Биллах Шахты мемлекеттік рәсіммен қарсы алды.

Президент Ердоған екі жарым сағатқа созылған оңаша кездесуден кейін Малайзия королі Сұлтан Абдулланың құрметіне түскі қонақасы берді.

Кейін ұйымдастырылған салтанатты рәсімде Ердоған Малайзия Королі Сұлтан Абдулла Шахқа Түркия Республикасының Мемлекеттік орденін табыс етті.

Сұлтан Абдулла Шах болса президент Ердоғанға Малайзияның ең жоғары ұлттық тәж орденін берді.



Ұқсас жаңалықтар