Ұлттық қорғаныс министрі украиналық әріптесімен телефонда сөйлесті

Министрлер Украинадағы соңғы жағдай мен дәнді дақыл тасымалдауы тақырыбында пікір алмасты.

1868522
Ұлттық қорғаныс министрі украиналық әріптесімен телефонда сөйлесті

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Украина қорғаныс министрі Алексей Резниковпен телефон арқылы сөйлесті.

Ұлттық қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда әңгіме барысында Украинадағы соңғы жағдай мен дәнді дақыл тасымалы туралы пікір алмасылды.

Әңгіме барысында министр Акар тағы бір рет атысты тоқтату декларациясының қажеттілігіне тоқталып, Түркияның осы уақытқа дейін болғандай бейбітшіліктің орнығуы және Украинаға гуманитарлық көмек көрсету тақырыптарында өз үлесін қосуды жалғастыратынын атап көрсетті.

Сондай-ақ дәнді дақыл тасымалдау тақырыбындағы өзгерістер талқыланып, Бірлескен үйлестіру орталығындағы ынтымақтастық пен үйлестіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға ризашылық білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар