TruGo зарядтағышы сынақтан өткізіле бастады

TOGG-тың зарядтау желісі бренді «TruGo» зарядтау батареяларын сынақтан өткізіле бастады.

1864150
TruGo зарядтағышы сынақтан өткізіле бастады

Түркияның Автокөлік кәсіпорындар тобы "TOGG" зарядтау желісі бренді «TruGo» өндірген зарядтау батареялары сынақтан өткізіле бастады.

TruGo ресми твиттер аккаунтынан жасаған хабарламада «Гемликтегі қалашығымызда құрылған бірінші TruGo зарядтағышызды үздіксіз пайдалану тәжірибесін жобалау үшін сынақтан өткізу жұмыстары басталды» делінді.

Мәлімдемеде сынақпен байланысты бір бейнекөрініс жарияланып, зарядтағыштың 25 минутта 80 пайыз мөлшерінде батареяны толтырғаны байқалды.

Өткен айда TOGG компаниясы электрлі көлік пайдаланушыларын зарядтау станциясына қол жетімділігі тақырыбындағы алаңдаушылығын жою мақсатты TruGo-ның қозғалыс тығыздығы жоғары бағыттар бойынша 25, басқа аймақтарда әрбір 50 шақырым сайын «TruGo зарядтау станциялары» құрылатынын мәлімдеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар