Екі әскер шейіт болды

Мәлімдемеде оқиғадан кейін бірден ауруханаға жеткізілген 2 сарбаздың шәйіт болғаны хабарланды.

1859880
Екі әскер шейіт болды

Сирияда Түрік Қарулы Күштері жүргізген «Евфрат қалқаны» операциясы аймағында террористтердің оғынан 2 әскердің шәйіт болды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде кеше «Евфрат қалқаны» операциясы аймағында бөлшектеуші террор ұйымы мүшелерінің база бөлімшесіне оқ жаудырғаны, қатардағы жауынгерлер Мевлют Йогуртчу мен Мерт Оталдың жараланғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде оқиғадан кейін бірден ауруханаға жеткізілген 2 әскердің шәйіт болғаны хабарланды.

«Бізді қайғыға батырған осы оқиғада қаза тапқан шейіттерімізге Алланың рақымын тілей отырып, қайғылы отбасыларына, Түрік Қарулы күштеріне және асыл ұлтымызға көңіл айтамыз» деп айтылды.


Этикеттер: #шейіт , #әскер , #Сирия

Ұқсас жаңалықтар