АҚШ Түркияның талпыныстарын жоғары бағалады

Нед Прайс Стамбулда өткізілетін астық жөнелту келісіміне қол қою рәсіміне байланысты мәлімдеме жасады.

1858006
АҚШ Түркияның талпыныстарын жоғары бағалады

Америка Құрама Штаттары Түркияның үй иелігінде қол қойылатын Украинаның астық жөнелту келісімін құптағандарын және Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Түркияның талпыныстарын жоғары бағалағандарын жариялады.

АҚШ Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Нед Прайс күнделікті баспасөз мәслихатында, президент Режеп Тайып Ердоған, Украина мен Ресей тараптары және БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутеррештің қатысуымен Стамбулда өткізілетін астық жөнелту келісіміне қол қою рәсіміне байланысты мәлімдеме жасады.

Нед Прайс «Біз бұл келісімді құптаймыз. Біз БҰҰ Бас хатшысының қажырлы еңбегін жоғары бағалаймыз. Біз Түрік одақтастарымыздың талпыныстарын құптаймыз» деп көрсетті.

Прайс бұл тек АҚШ қана емес, Үлкен 20 тобы елдері де қолдаған бір келісім екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар