Президент Ердоған Иран президентімен бас қосты

Президент Режеп Тайып Ердоған үшін Тегеранда қарсы алу рәсімі ұйымдастырылды.

1856690
Президент Ердоған Иран президентімен бас қосты

Президент Режеп Тайып Ердоған ресми сапармен Иранда. 

Кеше кешкі уақытта "ТУР" атты арнайы ұшақпен астана Анкарадағы Есенбоға әуежайынан Иранның астанасы Тегеранға барған президент Режеп Тайып Ердоған үшін азанда қарсы алу рәсімі ұйымдастырылды.

Артынан президент Режеп Тайып Ердоған мен Иран президенті Ибрахим Реиси бас қосты.

Садабад сарайында баспасөзге жабық өткен кездесуге екі елдің делегациялары да қатысты.

Ердоған мен әріптесі Реиси Түркия мен Иран Жоғары деңгейлі Ынтымақтастық кеңесінің 7-ші жиналысына төраға болады.

Қатысты министрлердің қатысуымен өтетін кеңес жиналысында Түркия мен Иран қарым-қатынастары толық қарастырылады, екі жақтылы ынтымақтастықты дамыту үшін басылатын қадамдар қолға алынады.

Кездесулерде Түркия мен Иран қарым-қатынастарымен бірге Сирия тақырыбын қамтыған аймақтық және жаһандық мәселелер жайлы көзқарас алмастырылады. 

Президент Режеп Тайып Ердоған сол күні Иран президентінің үй иесі болуымен Ресей президенті Владимир Путиннің де қатысуымен Тегеранда ұйымдастырылатын Астана форматындағы 7-ші Үштік саммитте болады. 

Саммитте Сириядағы қазіргі жағдайлар, PKK/YPG мен ДАИШ террор ұйымдарын қамтыған аймақ қауіпсіздігіне қатер төндірген террорлық лаңкестікпен күрес, саяси шешім талпыныстары, гуманитарлық жағдай және сириялықтардың еліне ерікті түрде қайтулары тақырыптары қолға алынады.

Президент Ердоған саммит аясында Ресей лидерімен екі жақтылы кездесу де өткізеді.



Ұқсас жаңалықтар