Ердоған Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүшелігі жайлы мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған «Егер олар біздің шарттарымызды орындау үшін қажетті қадамдарды жасамаса, біз процесті тоқтатамыз» деді.

1856440
Ердоған Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүшелігі жайлы мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүшелігі туралы «Егер олар біздің шарттарымызды орындау үшін қажетті қадамдарды жасамаса, біз процесті тоқтататынымызды еске салғым келеді» деп көрсетті.

Ердоған ел астанасы Анкарадағы Президенттік кешендегі Министрлер кабинеті жиналысынан кейін мәлімдеме жасады.

Президент Ердоған «(Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүшелігі) туралы сестеріңізге сала кетейін. Егер олар біздің шарттарымызды орындау үшін қажетті қадамдарды жасамаса, біз процесті тоқтатамыз. Біз Швецияның жақсы бейне көрсетпегенін көріп отырмыз. Түркия ретінде біздің ұстанымымыз өте анық, қалғанын өздері біледі » деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар