ТҰҰМ 15 шілде шейіттерін еске алу рәсімі болып өтті

Мәжіліс төрағасы Шентоп "15 шілде шейіттер ескерткішінде" өткен рәсімде үн қатты.

1855589
ТҰҰМ 15 шілде шейіттерін еске алу рәсімі болып өтті

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп Түркияның қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ешбір мойындату әрекетін қабылдамайтынын мәлімдеді. 

Мұстафа Шентоп «15 шілде демократия және ұлттық бірлік күні» шаралары аясында ел астанасы Анкарада Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі "15 шілде шейіттер ескерткішінде" өткен рәсімде үн қатты. 

Шентоп дүниежүзілік жүйе қайта құрылып, жаһандық және аймақтық деңгейде анықтаушы жобалар жүзеге асырылып жатқан уақытта кейбір күштердің Түркияның экономикалық, саяси және мәдени деңгейде тиімді және сенімді актер ретінде алға шығуын қаламайтынын атап көрсетті. 

«Түркияның өз қабығына шегініп, қауіпсіздік басымдықтарынан бас тартуын күту Түркия разылық бермейтін бір әрекет» деген Шентоп «Достарымыз аман болсын, дұшпандарымыз Түркияның өз қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ешбір мойындату әрекетін қабылдамайды, адамзат күткен әділет пен үміттің орталығы болу қасиетін сақтайды» деді. 

Шентоп ТҰҰМ-де «15 шілде фотосурет көрмесінің» ашылуына қатысты.



Ұқсас жаңалықтар