Түркияның Батыс Балкандағы рөлі өте маңызды

Сефик Дзаферович Түркия мен президент Режеп Тайып Ердоғанның Батыс Балқанда сындарлы рөлге ие екенін айтты.

1855067
Түркияның Батыс Балкандағы рөлі өте маңызды

Босния және Герцеговина Президенттік кеңесінің төрағасы Сефик Дзаферович Түркия мен президент Режеп Тайып Ердоғанның Батыс Балқанда сындарлы рөлге ие екенін айтты.

Сефик Дзаферович ресми сапармен Ұлыбританияның астанасы Лондонға барды.  Дзаферович  бұл жерде мәлімдеме жасады.

Дзаферович Сребренистадағы қырғынның 27 жылдығы аясында Лондонда өткен «Сребреницаны еске алу» атты іс-шараға қатысқанын мәлімдеді.

Сефик Дзаферович «Ұлыбритания қырғынның жылдығында мемлекеттік деңгейде еске алу бағдарламасын ұйымдастырып, қырғынның шындығын барша әлемге паш етті» деп көрсетті. 

Дзаферович Түркияның әрқашан Босния және Герцеговинаның досы екенін баса айтты.

Сефик Дзаферович «Түркия мен президент Ердоған Батыс Балқанда сындарлы және тұрақтандырушы рөлге ие. Түркия Босния және Герцеговинаның Еуропалық Одағына және НАТО-ға мүшелік процестерін қолдайды. Бұл қолдау біз үшін өте маңызды» деген сөздер қолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар