Әскери делегациялар ертең Стамбулда бас қосады

Хулуси Акар әскери делегациялар арасындағы келіссөздердің ертең Стамбулда өтетінін хабарлады.

1854705
Әскери делегациялар ертең Стамбулда бас қосады

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Украина порттарында күтіп тұрған астықтың теңіз жолымен  қауіпсіз түрде жөнелтілуіне байланысты әскери делегациялар арасындағы келіссөздердің ертең Стамбулда өтетінін хабарлады.

Акар мәлімдемесінде президент Режеп Тайып Ердоғанның «азық-түлік дағдарысын» шешуге бағытталған дипломатиялық талпыныстары мен директивалары аясында жалғасқан кездесулердің сәтті өтіп жатқанын білдірді.

Азық-түлік дағдарысын шешу үшін Ұлттық қорғаныс министрлігі делегациясының Ресейдің астанасы Мәскеуге барып, Ресей делегациямен кездескеннен кейін Украина әскери делегациясының Ұлттық қорғаныс министрлігіне келгенін түсіндірген Акар «Осы кездесулерден кейін ертең Стамбулда Украина порттарында күтіп тұрған астықты халықаралық нарықтарға теңіз арқылы қауіпсіз түрде жеткізу туралы Түркия, Ресей Федерациясы және Украина қорғаныс министрліктерінің әскери делегациялары мен Біріккен Ұлттар Ұйымының делегациясы кездесу өткізеді» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар