Ердоған бошнак құрбандарды еске алды

Ердоған Сребреница қаласындағы қырғынның 27 жылдығына орай шейіттерге Алладан иман, қайғылы отбасына сабыр тілейтінін білдірді.

1854485
Ердоған бошнак құрбандарды еске алды

Президент Режеп Тайып Ердоған Босния және Герцеговинаның шығысындағы Сребреница қаласындағы қырғынның 27 жылдығына орай құрбандарды еске алды.

Президент Режеп Тайып Ердоған әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде: 

"Еуропаның ортасында болған  және адамзат тарихындағы қара дақтың бірі Босния және Герцеговинаның шығысындағы Сребреница қаласындағы қырғынның 27 жылдығына орай шейіттерге Алладан иман, қайғылы отбасына сабыр тілеймін. Әділет жолындағы босниялық бауырластарымызды әсте жалғыз тастамаймыз" деді.

Сребреницаның 1995 жылы 11 шілдеде Ратко Младичтің қолбасшылығымен серб әскерлері басып алғаннан кейін Біріккен Ұлттар Ұйымы аясындағы голландиялық әскерлерді паналаған бейбіт бошнактар сербтерге тапсырылған болатын.

Әйелдер мен балалардың бошнак сарбаздарының бақылауындағы аймаққа жетуіне рұқсат берген сербтер орманды аймақтарда, зауыттар мен қоймаларда кемінде 8 мың 372 бошнак азаматты қырған болатын.



Ұқсас жаңалықтар