Министр Чавушоғлу маңызды мәлімдеме жасады

Чавушоғлу Үлкен 20 тобы елдері  Сыртқы істер министрлері жиналысының бүгін екі отырысттың өткенін айтты.

1853843
Министр Чавушоғлу маңызды мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу көпжақтылық көптеген елдер немесе кейбір ұйымдардың біржақты қадамдары арқылы әлсірегенін  атап көрсетті.  

Чавушоғлу «Соңғы Украина соғысы осыған мысал болуда»деді.

Чавушоғлу Индонезияның Бали қаласында өткен Үлкен 20 тобы елдері  Сыртқы істер министрлері жиналысынан кейін баспасөзге мәлімдеме жасады.

Чавушоғлу Үлкен 20 тобы елдері  Сыртқы істер министрлері жиналысының бүгін екі отырысттың өткенін, біріншісінің «көпжақтылықты күшейту» екенін айтты.

Министр Чавушоғлу «Өкінішке орай, көп жақтылық көптеген елдер немесе кейбір ұйымдардың біржақты қадамдарымен әлсіреген. Соңғы Украина соғысы мысалдардың бірі. Алайда, жалпы халықаралық жүйенің жеткіліксіздігінен көпжақтылық біртіндеп әлсірейді. Сондықтан құрметті президентіміз Режеп Тайып Ердоған «Әлем бестен үлкен» және «Тіпті әділетті әлем мүмкін» деген ұрандармен бұған назар аударып, бұл мәселеге қатысты ұсыныстарымызды бүкіл әлеммен бөлістік» деп көрсетті.

Кездесудің бірінші отырысында осы тақырыпқа қатысты ойларын ортаға салғандарын атап көрсеткен Чавушоғлу Украина соғысы туралы не істегендерін түсіндіргендерін, сондай-ақ Түркияның соғыстың қалай аяқталуы туралы талпыныстары туралы мағлұмат бергендерін білдірді.

Чавушоғлу екінші отырыстың тақырыбының соғыс және эпидемия сияқты дағдарыстардың ықпалымен азық-түлік және энергия қауіпсіздігі екенін, бұл тақырыпта Түркия ретінде қатысты тұжырымдары мен ұсыныстарын бөліскендерін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар